Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Әуезов М.

Әуезов М. О. жазушы, қоғам қайраткері, ғалым, академик

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысының (қазіргі Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысы) Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқып, білім алған. Атасы Әуез Абай өлеңдерін жаттатып, болашақ жазушының көзқарасының қалыптасуына ықпалдық етті.  1908 жылы М. Әуезов Камалиддин медресесінде, кейін орыс мектебінің дайындық курсында оқиды. 1909 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, оны ағасы Қасымбек өз тәрбиесіне алып, Семей қалалық бескластық училищеге оқуға береді (1910-1915). Бесінші сынып оқып жүргенде Мұхтар өзінің алғашқы «Дауыл» (В бурю) шығармасын жазады. 

1915 жылы Семей қаласында мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. 1917 жылы Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жолсыз жаза» дастанының ізімен «Еңлік-Кебек» пъесасын жазады. 

Ресейдегі саяси оқиғалар (1917), Алаш қозғалысы (1917) және Кеңес өкіметінің құрылуы (1917) оның өміріне өзгерістер әкелді. Әуезов «Алаш жастары» одағын құрып, «Алаш» және  «Сарыарқа» газеттеріне мақала  жазады,  түрлі үйірмелердің  ашылуына ықпалын тигізеді. 

1918 жылы 5-13 мамырда Омбыда өткен қазақ жастарының жалпы құрылтайында (съезд) орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Алаш қозғалысын қолдайтын «Жас азамат» атты Жалпықазақ жастар ұйымына белсенді қатысты.  

Семей қаласында Жүсіпбек Аймауытовпен бірге ғылыми-қоғамдық «Абай» журналын шығарады, онда ұлттық-демократиялық қоғам құру идеясы туралы ғылыми-танымдық мақалалар жарияланып тұрған.  Басылым 13 нөмірі шыққаннан кейін жабылады. 

Алаш үкіметі тараған соң, Әуезов астыртын жұмыс істейді. 1919 жылы Семей мұғалімдер семинариясын бітіреді. 1919 ж. бастап – Семей губерндік революциялық комитеттің бөлім меңгерушісі. 

«Қазақ тілі» («Казахский язык») газетін шығарады. Қазақ оқырмандарына арналған «Ашық хатында» халықты қоғам өміріне қатысуға шақырады. Осы жылы Әуезов Райхан Кәкенқызымен ажырасып, Абайдың немересі Кәмила Мағауияқызына үйленеді. 

1921 ж. Семей революциялық комитетінде қызмет істейді. 1921 ж. қарашасынан мамырға дейін саяси хатшы – Қазақ АССР-і  Орталық атқару комитеті президиумының мүшесі. 

«Қызыл Қазақстан» (№ 3-4, 1921) журналында Әуезовтың «Қорғансыздың күні» («Судьба беззащитной») әңгімесі жарияланады. «Еңлік-Кебек» пьесасының  екінші нұсқасы («Теке - Орал») жарық көреді. Қазақ театрында Әуезовтың  «Бәйбіше-тоқал», «Ел, ағасы» пьесалары қойылады. 

1921-1922 жж. Әуезов қазақ интеллигенциясын қуғындау саясаты мен Мәскеудің экономикалық қысымын сынайды. 1922 ж. 7 наурызда Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің мүшесі Смағұл Садуақасовпен бірге болшевиктер партиясына қарсылық саяси, экономикалық, әлеуметтік талаптар қойылған   хат жазып, РКП(б) Орталық Комитетінің өкілі В. Г. Юдовскийге  ұсынады. Соның негізгілері - ұлт тәуелсіздігі, аштықты жою, тәркіленген жерді қазақтарға  қайтару, қазақтарды өндіріске тарту, халық ағарту, ғылым мен баспа  ісін дамыту мәселелері РКП(б) Қазақ обкомы перзидиумының жиынында қаралады.   

1922 ж. 11-20 наурызда Әуезов және Сәдуақасов «ұлтшыл-алашордашылар» деп жарияланды. 

1922 ж. «Қорғансыздың күні» және «Еңлік -Кебек» Орынбор қаласында жеке кітап болып шығады. 

1922 ж. күзінде Әуезов Ташкент қ. Орта Азия мемлекеттік университетіне ерікті тыңдаушы болады.  Сол кезеңде «Шолпан», «Сана» журналдарымен бірге қызмет істейді.  «Қыр әңгімелері» («Степные рассказы»), «Үйлену» («Свадьба») әңгімелерін жариялайды. 

1923 ж. РКП(б) қатарынан шығарылады. Осы жылы Ленинград мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. 

1924-1925 жж. Қазақ АССР-і Наркомпросының тапсырмасы бойынша Семей мұғалімдер техникумында оқытушы болады. «Таң» журналын шығарып, «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу»(«Красавица в трауре»), «Ескілік көлеңкесінде» («В тени прошлого»), «Жуандық» («Насилие») әңгімелерін жариялады. 

1925 ж. Ленинградқа оралып, оқуын жалғайды. 1926 ж. қазақ фольклорлық мұрасын зерттеу бойынша  Семей қ. ғылыми экспедиция ұйымдастырып,  «Қарагөз» пьесасын жазады.   

1927 ж. «Әдебиет тарихы» монографиясы жарыққа шығады. 

1927-1929 жж. «Қилы заман» («Лихие годы») романын, ал ақпан айында «Хан Кене» пьесасын жазады. 

1928 ж. Ташкент қ. САГУ аспирантурасына оқуға түседі. Аспирантурада оқыған жылдары, жаз айында  қырғыз даласына саяхаттап, «Манас» жырын жазып алады. 

1929-1930 жж. көші-қон мәселесін зерттеп, ғылыми жұмыстармен айналысады. 

1930 ж. 16 қыркүйекте ОГПУ органдары тұтқынға алады.  Оған бірқатар айып тағылады, соның ішінде – совет өкіметіне қарсы астыртын жұмыс ұйымдастырды, қарулы көтеріліс әзірлеуге қатысты; байлардың мүлкін тәркілеуге қарсы шықты; «Алқа» ұлтшыл-буржуазиялық ұйым құрды; қазақ халқының революцияға дейінгі өмірі мен тұрмысын мадақтаған шығармалар жазды т.б.   

М.Әуезов 2 жыл тергеуде болды. 1932 жылы сәуірде үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. 

1932 жылы 10 мамырда Әуезовты«Социалды Қазақстан» және  «Казахстанская правда»  газеттеріне өзінің  «Қарагөз», «Еңлік - Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» шығармалары және қазақ әдебиетінің тарихы бойынша ғылыми-зерттеулерінен бас тартқан «Ашық хат» жазуға мәжбүрлейді.  

Әуезов Қазақ ауылшаруашылығы институтына уақытша қазақ тілі және әдебиеті пәні  мұғалімі болып орналасады, қосымша Қазақ драма театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі қызметін атқарады. 

1932 ж. қыркүйекте Әуезов Қазақ педагогикалық институтының, аға оқытушы болып,  профессор атағын алады. « Октябрь үшін» (1932), «Айман-Шолпан» (1933), «Тартыс» (1933), «Білікке білек» («Плечом к плечу» 1934), «Үш күн» («Три дня» 1934), «Қасеннің құбылыстары» («Превращения Хасена», 1934), «Түнгі сарын» (1934), «Тастүлек» (1935), «Ақан-Зайра» (1935), «Іздер» («Следы» 1935), «Шатқалаң» («Крутизна», 1935), «Құм мен Асқар» («Песок и Аскар», 1935), «Ескілік көлеңкесінде» («В тенях прошлого», 1935), «Қараш-Қараш» (1936) пьесалары мен прозалық әңгімелердің авторы. 

1936 ж. Әуезов Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнері декадасына қатысады. Қазақ АССР-і Жазушылар Одағының делегаты. 

Кейін «Алма бағында» (1937), «Шекарада» (1937), «Бүркітші» («Беркутчи», 1937), «Ақ қайың" (1938), «Бекет» (1938), «Қалқаман - Мамыр» (1938), «Абай» (1940) пьеса-прозаларын жазады. 

Н. В. Гоголь, А. Афиногенов, Н. Погодин, К. Тренев, В. Шекспир шығармаларын, Л. Н. Толстой мен Дж. Лондон әңгімелерін қазақ тіліне аударады. 

1940 жылы Әуезовтың сценарийі бойынша «Райхан» фильмі түсірілді. Л.Соболевпен бірге  «Дала жыры» («Песня степей», 1940) жинағын шығарып, алғысөз жазады. 

1941 жылы «Абай» романын аяқтайды. Романның жарыққа шығуы Қазақстанның мәдени  өміріндегі маңызды оқиға болды.  

Ұлы Отан соғысы жылдары Ә. Әбішевпен бірге  «Сын сағат» (1941), «Намыс гвардиясы» (1942) пьесаларын жазды. 

1943 ж. Әуезов – Тіл, әдебиет және тарих ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ Мемлекеттік Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры. М. Әуезов осы инститиутта өмірінің соңына дейін оқытушы болып қызмет етті.  

«Абай» (1944), «Қынаптан қылыш» (1945) операларына либретто және «Абай әндерi» («Песни Абая», 1945) фильміне сценарий  жазады. 

1946 жылы Әуезов  Абай туралы екінші кітабын бастайды, ол 1947 жылы жарық көрді. 

1946 ж. бастап Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.  «История литературы Казахской ССР» кітабының авторы, руководитель авторского научного коллектива издания «История Казахской советской литературы» (1947) басылымының авторлық ғылыми ұжымының жетекшісі. 

1949 жылы Абай туралы романы үшін бірінші дәрежелі Қазақ ССР-інің мемлекеттік Сталиндік сыйлығының иегері. 

1950 ж. «Абай» романының 3-ші кітабы шықты. 

1951 ж. Әуезов «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 

1951-1954 жж. Әуезов шығармашылығына сын басталды. Оны «ұлтшыл-алашордашыл» атап, фольклорлық шығармаларында Ресейге қарсы насихат;  «Абай» романында феодализмді мадақтау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті тарихын бұрмалау бар деген жала жабылады. 

1953 ж. тұтқынға алыну қаупі болғандықтан Мәскеуге кетуге мәжбүр болады. Әуезовты ресейлік жазушылар – СССР Жазушылар одағының мүшелері А. Фадеев, К. Симонов, В. Кожевников, Н. Тихонов қорғады. 

1953-1954 жж. Мәскеу мемлекеттік университетінде «История литературы народов СССР» арнайы курсын оқыды. 

1954 ж. Алматыға оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын аяқтайды. 

1955-1957 жж. Әуезовтың 6 томдық Толық шығармалар жинағы шығады. 

1955 ж. Қазақ ССР-і Жоғары Советінің депутаты болып сайланған. ГДР-дің Берлин қаласында  өткен жазушылар сьезінің құрметті қонағы болады. Индияға 40-күндік сапарға шығады.  

1956 ж. «Бес дос» пьесасы шығады. 

1956 ж. екінші Еңбек Қызыл Ту ордені, Ленин орденімен марапатталады.  Алматы және Мәскеу қалаларында жазушының 60-жылдығына орай мерейтойы өткізілді. 

1957-1961 жж. Қазақ ССР-і  Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 

Әуезовтың «Дос-Бедел дос» (1958), «Алуа» (1958) шығармалары жарыққа шығады. 

1958 жж. Әуезов Ташкент қ. өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясына қатысады. 

«Асыл нәсiлдер» (1959), «Мысли разных лет» (1959) шығармалары және  «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» (1959) монографиясы жарық көреді. 

1959 ж. екінші рет Қазақ ССР-і Жоғары Советінің депутаты болып сайланады. 

Әуезовке  «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлық ұсынылады. 

«Қараш-Қараш» (1960) жинағы, «Өскен өркен» (1960-1961) романы жарыққа шығады. 

1960 ж. – Америка, 1961 ж. – Индия сапары.  

Әуезов 1961 ж. 27 маусымда Мәскеу қ. операция үстінде қайтыс болады. 1 шілдеде Алматы қ. орталық қорымына жерленген.  

Әдебиет және өнер институты, Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей  қ. көшелері мен мектептері М. Әуезов есімімен аталады. Алматы қ. Әуезовтың  мұражай-үйі бар. 

Әуезовтың өмірі мен әдеби мұрасы К. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мамбеев, Е. Сидоркин, Е. Вучетич, Н. Нұрмұхамбетов  тәрізді суретшілер мен мүсіншілер еңбегінде мәңгілік қалды.  

Әуезов шығармалары бірнеше рет қайта шығарылып, көптеген тілдерге аударылды. 

1997 ж. Әуезовтың 100-жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен әлемдік деңгейде аталып өтілді.  

  Библиографиялық материалдар

Библиографические материалы

Бөжеев, М. Мұхтар Әуезов . Библиографиялық көрсеткiш [Мәтін] / М. Бөжеев.- Алматы: Мектеп, 1966.- 73 б.

Мұхтар Әуезов. Ұсынылатың әдебиеттер көрсеткіші [Мәтін] = Мухтар Ауэзов. Рекомендательный указатель литературы / құр. Т. Кененова және т. б. - Алматы : Қазақстан, 1968. - 103 б.

М.О. Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткiш=Библиографический указатель по творчеству М.О. Ауэзова [Мәтін] / Әуезов үйi" ғылыми - мәдени орт., М.О. Әуезов атын. Әдебиет және Өнер ин-ты, ҚР Ұлттық кiтапханасы ; құраст.: Д.А. Қонаев, Б.Қ. Майтанов, А.Қ. Қуанышбаев ж.б..- Алматы: Жiбек жолы, 2009.- 376 б.

М.О. Ауэзов шығармалары

Произведения М.О. Ауэзова

Мұхтар Әуезов. Ұсынылатың әдебиеттер көрсеткіші [Мәтін] = Мухтар Ауэзов. Рекомендательный указатель литературы / құр. Т. Кененова және т. б. - Алматы : Қазақстан, 1968. - 103 б.

Әуезов, Мұхтар. Шығармалар жинағы : повестер мен әңгімелер / М. Әуезов. - Алматы : Өлке, 2012. – Б. 384.

Әуезов , Мұхтар. Көксерек : әңгімелер / М. Әуезов . - Алматы : Олжас кітапханасы, 2012. – Б. 176.

Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Т.1 : Мақалалар, пьесалар : 1917-1920. - Алматы : Дәуір ; Жібек жолы, 2014. – Б. 464

Әуезов, Мұхтар. Абай жолы: роман-эпопея. Бірінші кітап. - Алматы : Жазушы, 2013. – Б. 376.

Әуезов, Мұхтар. Абай жолы: роман-эпопея. Екінші кітап. – Алматы : Жазушы, 2013. – Б. 432.

Әуезов Мұхтар. Абай жолы: роман-эпопея. Үшінші кітап. - Алматы : Жазушы, 2013. – Б. 384

Әуезов, Мұхтар. Абай жолы: роман-эпопея. Төртінші кітап. - Алматы : Жазушы, 2013. – Б. 400.

Әуезов Мұхтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Т. 1 : Мақалалар, пьесалар : 1917-1920. /М.О. Әуезов. - Алматы : Дәуір ; [Б. м.] : Жібек жолы, 2014. – Б. 464

Әуезов Мұхтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 45-том: Сөйлеген сөздер, баяндамалар, зерттеу, жолзаба, пьеса / М.О. Әуезов. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 348.

Әуезов Мұхтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 49-том: Мақалалар, сөздер, пiкiрлер, әңгiмелер, сценарийлер / М.О. Әуезов. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 456.

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 26-том: Роман. 1949-1950 / М.О. Әуезов. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 408.

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 48-том: Сөздер, пiкiрлер жолжазба, аудармалар. /М.О. Әуезов. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 452.

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 46-том: Өмiрбаян, сөйлеген сөздер, пьесалар, зерттеу. /М.О. Әуезов. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 288.

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 21-том: Мақалалар, пьесалар, либретто. 1941-1945. /М.О. Әуезов. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 384.

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 47-том: Мақалалар, тезистер, сөздер, стенограммалар, пiкiрлер, пьесалар, сценарийлер, зерттеу. /М.О. Әуезов. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б 456

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 50-том: Хаттар, аудармалар. 1927-19 /М.О. Әуезов. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б 472

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 6-том: Әңгiме, зерттеулер, пьесалар. 1927. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б 368

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 2-том: Мақалалар, әңгiмелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1925. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 480.

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 1-том: Мақалалар, пьесалар. 1917-1920. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 464.

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 8-том: Мақалалар, зерттеулер, очерктер, әңгiмелер, аудармалар, құжаттар. 1930-1934.- Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- 504

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 4-том: Зерттеулер, оқулықтар, әдеби нұсқалар. 1924-1930. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 456.

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 7-том: Оқулықтар. 1929-.- Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 504.

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 3-том: Мақалалар, әңгiмелер, аудармалар, пьесалар. 1921-1929. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014. – Б. 424

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 5-том: Повестер. 1927-1929. - Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 376

Әуезов Мухтар. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 25-том, 4-кiтап: Абай жолы: роман-эпопея. 1953-1954.- Алматы: Дәуiр : Жiбек жолы, 2014.- Б. 376

 Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы мен шығармалары туралы жарияланымдар

О творчестве и произведениях Мухтара Ауэзова

Мұхтар Әуезов: энциклопедия / М. Әуезов. - Алматы : Атамұра, 2011. – Б. 687.

Ыдырысов Ә. Шығармалары . Т. 4 : Әуезовке іңкәрлік. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2011. – Б. 424

Картаева, Айжан Маратбекқызы. Мұхтар Әуезовтің шығармашылық әлемі - Алматы : Ралип Сидикей Сервис, 2013. – Б. 192

Қабдолов З. Шығармалары . Т. 6 : Менің Әуезовім. Мұхтар-аға. ...Сөз сарасы. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б. 320

Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов шығармаларының көркемдік поэтикасы. Т. 29 / Р. Нұрғали. - Алматы : Әдебиет әлемі, 2014. – Б. 408.

Мәсімханұлы Д. Таңдамалы үш томдық. Т. 1 : Мұхтар Әуезов және Лу Шүн. Жыр-Жебе : зерттеулер. - Астана : Фолиант, 2016. – Б. 600.

Алашорда : фотоальбом / құраст., түсінік жазғ.: Болат Мүрсәлім. - Алматы : Ел-шежіре, 2017. – фотографи М. Ауэзова; Б. 405.

Зұлхаров, Ғабит. Әуезов және Аякөз / Ғ. Зұлхаров. - Семей : Зияткер, 2017. – Б. 115.

 М.О.Әуезов туралы мерзімді басылымдағы жарияланымдар

Публикации о М.О. Ауэзове в периодической печати

Әуезов , Мұхтар. Абайды білмек парыз ойлы жасқа / М. Әуезов // Аңыз адам . - 2018. - №11.- Б. 5-8.

Мұқашева Р. Біз білетін Мұхтар Әуезов / Р. Мұқашева // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде - Казахский язык и литература в русской школе. - 2011. - № 4.- Б. 41-44

Мұқажанова Р. Әуезовтың ағартушылық көзқарасы / Р. Мұқажанова // Семей таңы. - 2011. - 2 ақпан.- Б.10.

Әбдезұлы, Қансейіт. Әуезовтың лекциялары - нағыз инновациялық білім болатын: / Қ. Әбдезұлы // Түркістан. - 2011. - 14-21 шілде.- Б.19.

Мұхамадиев Д. Абай және Әуезов: рухани сабақтастық / Мұхамадиев Д. // Керуен. - 2011. - №2.- Б.145-149.

Разаққызы , Гүлнар. Бекер ота жасатты деп өкінем...: [Жазушының қарындасы ағасы М. О.Әуезов туралы сыр шертеді] / Г. Разаққызы // Ертіс өңірі. - 2011. - 28 қыркүйек.- Б.10.

Зұлхаров Ғ. Әуезов және Аягөз / Зұлхаров Ғ. // Егемен Қазақстан. - 2011. - 26 шілде (№ 317/324). – Б. 5

Кеңесбай М. Ұлы Мұхтардың ұлы мұрасы / Кеңесбай М. // Түркістан . - 2011. - 29 қыркүйек (№ 39). – Б. 6.

Зұлқаров Ғ. Әуезов Аягөзде болғанда... / Зұлқаров Ғ. // Түркістан . - 2011.- 3 ақпан (№ 5). – Б. 6,7

Әбдезұлы Қ. Әуезовтың - лекциялары нағыз инновациялық білім болатын] / Әбдезұлы Қ. // Түркістан . - 2011.- 14-21 шілде (№ 28/29). – Б. 18

Оразалин , Нұрлан. Азаттық рухының алтын адамы: М.Әуезовтың 100 жылдығына орай өткен Халықаралық симпозиумда оқылған баяндамадан / Н. Оразалин // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 30 желтоқсан.- Б. 5.

Кемеңгер Қ. Мұхтар мен Қошке / Қ. Кемеңгер // Абай. - 2012. - №1-4.- Б. 100-103

Еспенбетов А. Мұхтар Әуезов көсемсөзі академик Р. Нұрғали зерттеуінде / А. Еспенбетов // Абай. - 2012. - №1-4.- Б. 104-106

Рыскелдіұлы Т. Ұлт тағдыры / Т. Рыскелдіұлы // Абай. - 2012. - №1-4.- Б. 107-109

Амербекова А.Б. Жұлдызды сәт: "Абай мен Мұхтар" атты кеш / А. Б. Амербекова, З. Н. Қасымқанова // Тәрбие сағаты. - 2012. - №5.- Б.12-13.

Шаханов Мұхтар Мені неге Мұхтар қойған?: өлең / Шаханов Мұхтар // Аңыз адам . - 2012. - № 12. - Б. 5 б.

Тыныбаев Ғ. Әуезовтің үйінде болғанда / Тыныбаев Ғ. // Егемен Қазақстан. - 2012.- 24 қаңтар (№ 27/32). – Б. 6

Сәрсенбаев Ә. Мұхтар аға шерткен сыр [Текст] / Сәрсенбаев Ә. // Жұлдыз . - 2012. - № 6. - Б. 192-196 б

Раев С. Мұхтар және "Топайкөк" әнінің тағдыры / С. Раев // ШҚО педагогика жаршысы = Педагогический вестник ВКО. - 2013. - № 2(46).- Б. 46-49.

Рахымжанов Қ.А. Мұхтар Әуезовтің педагогикалық / Қ. А. Рахымжанов // Білім. - 2013. - №1.- б.6-8

Молдаханов Ә. "Абай жолындағы" тұрмыс-салт жырлары / Ә. Молдаханов // Абай. - 2013. - №2-3.- Б. 30-40

Манабаева, Рымхан. Сағындырған сағым жылдар / Р. Манабаева // Семей таңы . - 2014. - 2 желтоқсан.- Б. 6.

Зұлхаров Ғ. Әуезов Аягөзде болғанда / Ғ. Зұлхаров // Абай. - 2014. - №1.- Б. 84-92

Кенемолдин М. Әуезов және "Таң" журналы / М. Кенемолдин // Абай. - 2016. - №1.- Б .21-29

Әнес, Ғарифолла. Ұлт жазушысы - Мұхтар Әуезов / Ғ. Әнес // Мәдениет. - 2017. - №4.- Б. 56-57

Пірәлі Гүлзия Әуезов - Ленинградта ! [Текст] / Пірәлі Гүлзия // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 29 қыркүйек - 5 қазан (№ 40). – Б. 12

Елеукенов Шериаздан Әуезов және Алаш / Елеукенов Шериаздан // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 29 қыркүйек - 5 қазан (№ 40). – Б. 9

  Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы туралы жарияланымдар

Публикации о творчестве и произведениях Мухтара Ауэзова

Әлмашұлы, Жолтай. Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі комизм / Ж. Әлмашұлы // Ақиқат. - 2011. - N 2.- Б. 52-55.

Қара сөздің иесі мен киесі немесе Әуезов шығармашылығының алуан қыры : [Әуезов әлемі циклінен әңгімелер] // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 30 желтоқсан.- Б. 6.

Әуезов , Мұрат. Ол қайталанбас роман... : [М.О.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына орай] / М. Әуезов // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 30 желтоқсан.- Б. 7.

Тілепов Ж. Манастанудағы М.Әуезов тағылымы / Тілепов Ж. // Жұлдыз . - 2011. - № 6. - Б. 169-173.

Садықова А. Абай мен Мұхтар / А. Садықова // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде - Казахский язык и литература в русской школе. - 2011. - № 1.- Б. 98-107.

Мұқажанова, Раушан. Біз білетін Бөрілі / Р. Мұқажанова // Семей таңы . - 2012. - 17 сәуір.- Б. 3.

Мұқажанова Р. Ұрпақтар сабақтастығы : [Мұхтар Әуезов жайлы зерттеулер ізімен] / Р. Мұқажанова // Ертіс өңірі. - 2012. - 27 маусым.- Б. 8.

Кәрібаева, Үміт. Мұхтар Әуезов. "Көксерек" : (7-сынып) / Ү. Кәрібаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №7.- Б. 52-56.

Тұнғатаров Қ. Мұхтар Әуезовтің "Көксерек" повесіндегі психологиялық паралелизм [Мәтін] / Қ. Тұнғатаров // ҚазҰУ хабаршысы. - Алматы, 2012. - N 3.- Б. 242-246.

Кемеңгер Қ. Мұхтар мен Қошке / Қ. Кемеңгер // Абай. - 2012. - №1-4.- б.100-103

Еспенбетов А. Мұхтар Әуезов көсемсөзі академик Р. Нұрғали зерттеуінде / А. Еспенбетов // Абай. - 2012. - №1-4.- Б. 104-106

Ғалымжанов Б. М.Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясындағы өлікті құрметтеу рәсімдеріне байланысты жөн-жосық, жол-жоралғылар / Б. Ғалымжанов // Ұлағат. - 2012. - №5 .- Б. 19-32.

Жолманова, Айымкүл. Мұхтар Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қорғансыздар : (9-сынып) / А. Жолманова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №12.- Б. 49-53.

Сеитова Ж. Мұхтар Әуезов прозаларында берілген дәуір шындығының ұлттық танымдық сипаты / Ж. Сеитова // Ұлттық тәрбие. - 2012. - №6.- Б. 85-91.

Мәдібаева Қ. Қ. Мұхтар Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеу еңбегі / Қ. Қ. Мәдібаева // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. - Алматы, 2012. - N 4.- Б. 40-43.

Мұхтарханқызы, Зиза. Әлемді арбаған ала доп... [Мәтін] : [Қазақ футболына - 100 жыл.] / З. Мұхтарханқызы // Қазақ спорты. - 2013. - 26 ақпан.- Б. 5.

Алаш және Әуезов // Ертіс өңірі . - 2013. - 4 қыркүйек.- Б. 10.

Шашкин З. Әуезовтің стилі [Текст] / З. Шашкин // Таң-Шолпан. - Алматы, 2013. - № 6. - Б. 77-85

Сейсенбинова Д.А. "Алтын көмбе" : әдеби-танымдық интеллектуалдық сайыс / Д. А. Сейсенбинова // Тәрбие сағаты. - 2013. - №6.- Б. 37-38.

Сұлтанов Ө. Қазақ футболына 100 жыл толады : оның іргетасы Семейде қаланған еді / Сұлтанов Ө., Сейсенұлы Д. // Егемен Қазақстан. - 2013.- 1 қаңтар (№1). – Б. 8

Зайытова, Гүлжиян. Бүгінгі әңгіме - "Көксерек" [Мәтін] / Г. Зайытова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2013. - №11.- Б. 134-137.

Құрметке лайық азамат // Егемен Қазақстан. - 2013. - 19 қаңтар (№ 34/38). – Б. 4

Ермырза, Әйгерім. Қазақ футболының ғасырлық тойы дүйім жұрттың назарын Семейге аударып тұр / Ә. Ермырза // Ертіс өңірі . - 2013. - 16 қаңтар.- Б. 1,3.

Құлынтаева, Айжан. Әлем таныған Әуезов : [Жазушы М. Әуезовтың Аягөз өңіріне болған кезеңдері туралы.] / А. Құлынтаева // Ертіс өңірі . - 2013. - 27 ақпан.- Б. 13.

Алшынова, Айнұр. М. Әуезов шығармашылығы арқылы көркем мәтінді талдау / А. Алшынова // Қазақстан мектебі. - 2013. - №2.- Б. 37-39.

Раев С. Мұхтар және "Топайкөк" әнінің тағдыры / С. Раев // ШҚО педагогика жаршысы = Педагогический вестник ВКО. - 2013. - № 2(46).- Б.46-49.

Рахымжанов Қ.А. Мұхтар Әуезовтің педагогикалық көзқарастары / Қ. А. Рахымжанов // Білім. - 2013. - №1.- Б. .6-8

Әуезов тепкен ала доп тойына ұлы жазушының ұрпағы Мұрат келеді. // Ертіс өңірі . - 2013. - 18 қыркүйек.- Б. 1,3.

Иманбердиев, Бахит. Мұхтар Әуезов ғұмырбаянының Ташкенттік кезеңі / Б. Иманбердиев // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2013. - №7.- Б.59-67.

Тазабекқызы, Назгүл. Мұхтар Әуез әңгімелері : ("Жетім", "Үш күн", т.б.) / Н. Тазабекқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2014. - №5.- Б. 97-99.

Әбілхан, Серік. Мұхтар Әуезовке мемориалдық тақта қойылды [М. Әуезов даңғылында көше мерекесі өтті.] / С. Әбілхан // Дидар. - 2014. - 21 сәуір.- Б. 1-2.

Бөгентайқызы, Ұлжан. Қазақтың классик жазушысы - Мұхтар Әуезов / Ұ. Бөгентайқызы // Қазақстан мектебі. - 2014. - №10.- Б. 63-64.

Ибрагимова Қ. Мұхтар Әуезов және театр / Қ. Ибрагимова // Семей таңы. - 2014. - 30 кыркүйек.- Б. 7.

Жанұзақова Қ. М.Әуезовтің жиырмасыншы жылдар публицистикасындағы әдебиет және ұлт фольклоры жайлы ой-толғамдары / Жанұзақова Қ., Өмірбекова Г. // Ақиқат . - 2014. - № 7. - Б. 107-108.

Пірәлі Г. Қазіргі қазақ прозасы және Әуезов дәстүрі / Пірәлі Г. // Ақиқат . - 2014. - № 2. - Б. 87-90.

Мырзаханқызы Қ. М.Әуезовтің ұлт фольклоры мұрасын жинау, жариялау және насихаттау саласындағы еңбектері жайлы бірер сөз / Мырзаханқызы Қ. // Ақиқат . - 2014. - № 9. - Б. 112-114.

Саламатова, Шаруан. М.Әуезов. "Көксерек" әңгімесі : (7-сынып) / Ш. Саламатова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - №2.- Б. 73-76.

Абдықаймов, Қайтбек. "Абай жолы" романынан үзінді : (Біржан сал Абай ауылында) / Қ. Абдықаймов // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - №2.- Б.89-91.

Күмісбаев Ө. Өтеген Мұхтар Әуезов шығыс поэзиясы /   // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 12 маусым.- Б. 6.

Ерназарова З.Ш. М.Әуезов. Көксерек / З. Ш. Ерназарова // Қазақ тілі: әдістеме. - 2015. - № 3.- Б. 16-22

Еңсепов Б. Орта Азия мемлекеттік университеті және Мұқтар Әуезов / Б. Еңсепов // Қазақ тарихы. - 2015. - №4.- Б.10-13.

Елеукенов Шериаздан Өмірі де, өлімі де халқына қайрат беретін ақын / Елеукенов Шериаздан // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 8 - 14 мамыр (№ 17/18). – Б. 7.

Мағжан, Айдана. Заңғар жазушының кейіпкеріне ескеткіш орнатылмақ. : [М. Әуезовтың "Қорғансыздың күні" әңгімесіндегі бас кейіпкері - Ғазизаға ескерткіш орнатылмақ. ] / А. Мағжан // Ертіс өңірі. - 2015. - 9 қыркүйек.- Б.7.

Оразалин, Елдар. Ұлы Мұқаңның соңғы хаттары әкеме арналыпты : [Халық жазушысы Кәмен Оразалин туралы] / Е. Оразалин ; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2015. - 2 наурыз.- Б. 5.

Досанова, Гүлзар. Әлем таныған Әуезов [Мәтін] / Г. Досанова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - №1.- Б. 63-75.

Тихонов, Николай. Заманымыздың алып тұлғасы [Мәтін] : Мұхтар Әуезов туралы бір үзік сыр / Н. Тихонов // Жұлдыз. - 2015. - №10.- Б. 140-146.

Қасқабасов , Сейіт. Әуезов -халық мұрасының шырақшысы: Мұхтар Әуезов туралы бір үзік сыр / Қасқабасов Сейіт, А. Тойшанұлы // Жұлдыз. - 2015. - №10.- Б. 147-153.

Қаржауова, Арайлым. М.Әуезовтің "Қараш - Қараш" хикаяты / А. Қаржауова // Қазақстан мектебі. - 2015. - №11.- Б. 55-58.

Ахметов А. М.Әуезов. "Қараш - қараш оқиғасы / А. Ахметов // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - №11.- Б. 38-42.

Тұрсынбайұлы Бағашар Әуезов жолы - роман / Тұрсынбайұлы Бағашар // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 9 - 15 қыркүйек (№ 34). – Б. 8.

Ізтулина Э. Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романындағы үйлену, қыз ұзатуға байланысты салт-дәстүрлер көрінісі / Э. Ізтулина // Ұлағат. - 2015. - №6.- Б. 3-6

Жүнісбеков Б. Әуезовтің аманаты: Қайым Мұхамедханов - 100 / Жүнісбеков Б. // Дидар. - 2016. - 12 ақпан.- Б. 19.

Кенемолдин М. Әуезов және "Таң" журналы / М. Кенемолдин // Абай. - 2016. - №1.- Б. 21-29.

Пірәлі, Гүлзия. Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұратқа жазған қолтаңбалары / Г. Пірәлі // Дәстүр. - 2016. - №2.- Б. 26-29.

Мұсай Г. Ахмет Әуезовтың "Жас Мұхтар" әңгімесі] / Г. Мұсай // Бастауыш мектепте оқыту = Обучение в начальной школе. - 2016. - №4.- Б. 14.

Мұқаметқали Қалмаханбет "Жібек жолындағы әңгімелер" Жетісу жерінде жалғасады / Мұқаметқали Қалмаханбет // Егемен Қазақстан . - 2016.- 24 қыркүйек (№ 183). – Б. 5.

Есім, Ғарифолла. Әуезов кейіпкеріне ескерткіш / Ғ. Есім // Ертіс өңірі. - 2016. - 28 қыркүйек.- Б. 11.

Оразалы С. Әуезовты көрген алты сәт: Эссе / С. Оразалы // Абай. - 2016. - №4.- Б. 39-48.

Алпартегі Жексен "Қилы заман" қалай жазылды? / Алпартегі Жексен // Айқын . - 2016.- 22 шілде (№ 108). – Б. 27.

Жүсіп Нұртөре Мұхтар Әуезов мұраларына оралсақ қайтеді ? [/ Жүсіп Нұртөре // Айқын . - 2016.- 28 шілде (№ 111). – Б. 4.

Ыбырайым Бекен Тағдырын Сөзіне айналдырған... / Ыбырайым Бекен // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 30 қыркүйек - 6 қазан (№ 37/38). – Б. 13.

Жұмабай Назерке "Қилы заман" шерткен сыр / Жұмабай Назерке // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 30 қыркүйек - 6 қазан (№ 37/38). – Б. 1,6-7.

Дәдебаев Жанғара "Әуезов тілі - менің тілім" / Дәдебаев Жанғара // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 30 қыркүйек - 6 қазан (№ 37/38). – Б. 10.

Байбол Әлібек Әуезовтің туған күніне орай толғаныс... / Байбол Әлібек // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 30 қыркүйек - 6 қазан (№ 37/38). – Б. 10.

Бақытұлы Жақсылық Құрмаштың бүгінгі құрдастары] / Бақытұлы Жақсылық // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 4 - 10 қараша (№ 44). – Б. 20.

Әбдіғұлов Рафат Әуезов - әлемдік тұлға / Әбдіғұлов Рафат // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 30 қыркүйек - 6 қазан (№ 37/38). – Б. 7.

Ғалымов Еркін Әжемнің Әуезовпен кездесуі / Ғалымов Еркін // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 1 - 7 шілде (№ 27). – Б. 11.

Сейтжанова Т. М. Әуезовтің әлем әдебиетіндегі орны / Т. Сейтжанова // Ұлағат. - 2016. - N 6.- Б. 74-77.

Қосажан , Мейрамбек. "Абай жолы" атауы берілді : ["Астана - Өскемен-1 бағытымен қатынайтын жүрдек пойызға "Абай жолы" атауы берілді.] / М. Қосажан   // Менің өлкем . - 2017. - 26 қаңтар.- Б. 2.

Анесова Л. Әуезов әлемі / Л. Анесова // Қазақстан мектебі. - 2017. - №3.- Б. 58-59.

Алаш -Мұхтар мұражайы жаңғыруда // Ертіс өңірі. - 2017. - 24 мамыр.- Б. 24

Қабдуәли С. Тектінің тұяғы музейге тарихи суретті тарту етті. : [Заңғар жазушы М. Әуезовтың немересі Мағжан Мұратұлы Алаш астанасына ат басын бұрды. ] / С. Қабдуәли // Ертіс өңірі . - 2017. - 31 мамыр.- Б. 1.

Мұрынбаева Б. Мұхтар Әуезов. "Көксерек" : (Мектеп сахнасына арналған драмалық шығарма) / Б. Мұрынбаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2017. - №6.- Б. 120-123.

Жүнісбеков , Болат. Абайтанудың арқатірегі : [М. Әуезовтың туғанына 120 жыл.] / Б. Жүнісбеков // Ертіс өңірі . - 2017. - 30 тамыз.- Б. 10-11.

Пірәлі Гүлзия Мұхтар Әуезовтің белгісіз хаты / Пірәлі Гүлзия // Егемен Қазақстан . - 2017.- 9 тамыз (№ 151). – Б. 9.

Ешенқұлов Тұрсынбек Мұхтар Әуезовтің Оңтүстіктегі кездесулері / Ешенқұлов Тұрсынбек // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 2 - 8 маусым (№ 23). – Б. 18-19.

Құмарова Ш. "Әуезов әлемі" / Құмарова Ш. // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 14 - 20 сәуір (№ 14/15). – Б. 19.

Өмірбекова Н. Алашты әлемге паш еткен "Абай жолы" / Өмірбекова Н. // Түркістан . - 2017.- 2 наурыз (№ 9). – Б. 7.

Қазыбек Мұхтар Француз тілінде сөйлеген "Қилы заман" / Қазыбек Мұхтар // Түркістан . - 2017.- 6 қаңтар (№ 1). – Б. 9.

Қасым , Азамат. Әуезовті әспеттеу : Жарма ауданының Әуезов кентінде жазушыға ескерткіш орнатылды / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 10 қазан.- Б. 5.

Әуезов тойы - ел тойы // Ертіс өңірі. - 2017. - 20 қыркұйек.- Б. 11.

Мұхтар Әуезовке -120 жыл // Алдаспан. - 2017. - 28 қыркүйек.- Б. 17.

Картаева А. М. М. Әуезов шығармашылығындағы түркі халықтары әдебиеті / А. М. Картаева, А. Амангазинова // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. - 2017. - № 1.- Б. 51-54.

Әнес, Ғарифолла. Ұлт жазушысы - Мұхтар Әуезов / Ғ. Әнес // Мәдениет. - 2017. - №4.- Б. 56-57.

Нұриденова Т. Әлем таныған Әуезов / Т. Нұриденова // Абай. - 2017. - №4.- Б. 3-8.

Қабдуәли С. Тектінің тұяғы музейге тарихи суретті тарту етті. : [Заңғар жазушы М. Әуезовтың немересі Мағжан Мұратұлы Алаш астанасына ат басын бұрды. ] / С. Қабдуәли // Ертіс өңірі . - 2017. - 31 мамыр.- Б.1.

Жүнісбеков , Болат. Абайтанудың арқатірегі: [М. Әуезовтың туғанына 120 жыл.] / Б. Жүнісбеков // Ертіс өңірі . - 2017. - 30 тамыз.- Б. 10-11.

Ешенқұлов Тұрсынбек Мұхтар Әуезовтің Оңтүстіктегі кездесулері / Ешенқұлов Тұрсынбек // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 2 - 8 маусым (№ 23). – Б. 18-19.

Пірәлі Гүлзия Мұхтар Әуезовтің белгісіз хаты / Пірәлі Гүлзия // Егемен Қазақстан . - 2017.- 9 тамыз (№ 151). – Б. 9 .

Өмірбекова Н. Алашты әлемге паш еткен "Абай жолы" / Өмірбекова Н. // Түркістан . - 2017.- 2 наурыз (№ 9). – Б. 7.

Қазыбек Мұхтар Француз тілінде сөйлеген "Қилы заман" / Қазыбек Мұхтар // Түркістан . - 2017.- 6 қаңтар (№ 1). – Б. 9.

Жүнісбеков , Болат. Абайтанудың арқатірегі / Б. Жүнісбеков // Дидар. - 2017. - 21 қыркүйек.- Б. 26-27.

Дала данышпаны Құнанбай қажы // Ертіс өңірі . - 2017. - 20 қыркүйек.- Б. 1,10.

Қасым , Азамат. Әуезовті әспеттеу : Жарма ауданының Әуезов кентінде жазушыға ескерткіш орнатылды / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 10 қазан.- Б. 5.

Қабдуәлиқызы, Анар. Әуезовтың тәлім -тәрбиесі бойына дарыған : [Абай ауданының құрметті ақсақалы Манатай Балтақайұлының ғибратты өмірінен.] / А. Қабдуәлиқызы // Дидар. - 2017. - 3 қазан.- Б.5.

Картаева А. М. М. Әуезов шығармашылығындағы түркі халықтары әдебиеті / А. М. Картаева, А. Амангазинова // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. - 2017. - № 1.- Б. 51-54.

Әнес, Ғарифолла. Ұлт жазушысы - Мұхтар Әуезов / Ғ. Әнес // Мәдениет. - 2017. - №4.- Б. 56-57.

Нұриденова Т. Әлем таныған Әуезов тойы / Т. Нұриденова // Абай. - 2017. - №4.- Б.3-8.

Теміров , Бекен. Мұхтар Әуезовтың Семейдегі жылдары (1917-1925) / Б. Теміров // Ертіс өңірі. - 2017. - 29 қаңтар.- Б. 8-9.

Қасым Азамат Әуезовті әспеттеу / Қасым Азамат // Егемен Қазақстан . - 2017.- 10 қазан (№ 194). – Б. 4.

Сейіт С. Әуезов жолы - үлгі, жұлдызды бағдар / Сейіт С. // Егемен Қазақстан . - 2017.- 6 қараша (№ 213). – Б. 12.

Сманов Бақтияр Рухани жаңғыру және Мұхтар Әуезов / Сманов Бақтияр // Егемен Қазақстан . - 2017.- 10 қараша (№ 217). – Б. 4.

Оразалин Нұрлан "Қилы заманға" барар жол [Текст] / Оразалин Нұрлан // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 29 қыркүйек - 5 қазан (№ 40). - 7

Мұхтарұлы Мұрат Әке аманаты / Мұхтарұлы Мұрат // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 29 қыркүйек - 5 қазан (№ 40). – Б. 11.

Тілеубек Динара Әуезов ағылшынша сөйлейді / Тілеубек Динара // Айқын . - 2017.- 22 қыркүйек (№ 143). – Б. 8.

Мыңжасарқызы Динара Қазақ ұлы болуды үйреткен Мұхтар Әуезов ұлтқа қалтқысыз қызмет еткен еді / Мыңжасарқызы Динара // Түркістан . - 2017.- 5 қазан (№ 40). – Б. 7.

Өмірбекова Нұрсұлу Пол Браммел Семейге неге келді? / Өмірбекова Нұрсұлу // Түркістан . - 2017.- 10 тамыз (№ 32). – Б. 8.

Сыздықұлы, Керімбек. Мұхтар Әуезов және "Абай" журналы / К. Сыздықұлы // Абай. - 1996. - №3.- Б.7-13.

Кенжебай, Мырзан. Таланттың қайнар көзі тектілікте : жазушы М. Әуездің "Ділім" атты кітабы туралы ой-толғау / М. Кенжебай // Мәдениет. - 2017. - №12.- Б. 9-11.

Байманова, Света. Мұхтар Әуезовке 120 жыл / Света Байманова // Тәрбие сағаты. - 2018. - №1.- Б. 9-10.

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" тарихи -мәдени кешені // Дидар. - 2018. - 7 маусым.- Б. 16.

Құдабаева Ж. Мұхтар Әуезовтың "Көксерек" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы, көркемдік ерекшеліктері / Ж. Құдабаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2018. - №6.- Б.90-93.

Тәңірберген, Г. Мұхтар Әуезовтің ата-тектері жайлы мағлұмат / Г. Тәңірберген. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 15 қыркүйек. - Б. 8.

Қадырова, Л. Жазушы Мұхтар Әуезовтің Семейдегі кезі, архив құжаттарында / Л. Қадырова. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 22 қыркүйек. - Б. 10.

Жүніс, Е. Әуезовтің ғадеті / Е. Жүніс. - Мәтін // Егемен Қазақстан. - 2021. - 28 қыркүйек. - Б. 13.

Қалшабек, А. Лейдендегі Әуезов салтанаты : [Нидерланд елінде Лейден қаласында өткен Әуезовке арналған конференция] / А. Қалшабек. - Мәтін // Айқын апта. - 2023. - 3 маусым. - Б. 8.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

"Мұхтар Әуезов әлемі" электрондық кітапханасы [Электрондық ресурсы] . - Сайт. - Режим доступа : http://auezov.kz/page.php?lang=3  (дата обращения 22.02.2017)

Дом-музей М.О. Ауэзова [Электронный ресурс]. - Сайт: Институт литературы и искусства имени М. О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан. - Режим доступа: http://litart.kz/index.php/ru/dom-muzej-m-o-auezova (дата обращения 4.07.2016)