Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Авдеев Н.Д.

Авдеев Николай Дмитриевич (1919-1944) – Кеңес Одағының Батыры.

1919 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) Көкпекті ауданының Олеговка ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1941 жылдан КПСС мүшесі.1937 жылы Орынбор облысының Орск қаласындағы орта мектепті бітірген.
1938 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. 1940 жылы Харьков әскери авиация училищесін бітіріп, алыстан бомбалаушы штурман қызметін атқарды. 1942 жылдың 2 қарашасында Авдеев қызмет ететін экипаж жау транспорттары мен самолеттері шоғырланған Тацинский аэродромын бомбалау туралы нұсқау алады. Ауа райы өте күрделі еді. Нысанға таяған кезде күшті прожекторлар ештеңе көрсетпей тапсырманы орындау қиынға түседі. Фашистер зениттен оқ жаудырып, снарядтар бірінен кейін бірі жарылады. Көп оқтың бірі самолетке тиеді, бірақ лейтенант Н.Д. Авдеев самолетін нысанға бұрып бомба тастап үлгереді. Мотордың ақаулығына қарамастан экипаж өз аэродромына аман қонады. Жау самолеттері қалай жойылғандығы фотосуреттерге анық түскен еді. Көздеген нысанды құртып, ерлік пен әскери шеберлік көрсеткені үшін лейтенант Н.Д. Авдеев Қызыл ту орденімен марапатталды. Көп кешікпей ол эскадрилья штурманы болып тағайындалды. Көптеген штурмандар тәрбиелеп, өз әскери тәжірибесін жастарға үйретті.

Майданда 1942 жылдың қазан айынан бастап болды. 8-гвардиялық авиаполктің эскадрилья штурманы, гвардия капитаны Н. Авдеев жау тылына 201 рет жауынгерлік ұшуды ойдағыдай жүзеге асырды. Сталинград, Орталық, Оңтүстік Батыс, 1-ші, 2-ші, 3-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысып, өте жауапты тапсырмаларды орындады. Ленин, екі мәрте Қызыл ту ордендерімен, медальдармен марапатталды. Ержүрек штурман өзінің ауыр техникасын алыс рейдтерге - жау тылына шығарып, фашистердің Польша, Шығыс Пруссиядағы әскери обьектілерін құруға үлес қосты.

КСРО  Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 19 қазандағы Жарлығымен әскери тапсырмаларды асқан батылдықпен орындағаны және жаудың көп техникасы мен әскерлерін құртқаны үшін гвардия капитаны Н. Д. Авдеевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылдың 2 қыркүйегінде Отан үшін шайқаста ерлікпен қаза тапты.
Киев қаласындағы Мәңгі Даңқ саябағындағы гранит тақталардың бірінде оның есімі қашап жазылған. Орск қаласындағы №10 мектептің ғимаратында  мемориалдық тақта орнатылған.

Деректер

 Источники

 Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с. 3

 Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза [Мәтін] : фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б. – С. 17.

 ***

Герои Советского Союза казахстанцы [Текст] : Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - Т.1. - С. 53-55.

Герои Советского Союза [Текст] : краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - С. 22.

Семипалатинску 285 лет [Текст] / Сост. К.А.Байгужинов, М .А .Галиев.- Семипалатинск: ЧП Анастасов, 2003.- С.44.

Герои Советского Союза - семипалатинцы. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.

Мусин М. Ш. От Толагая до Сарыбеля [Текст] / М. Мусин. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2005. - 331 с.

 

Мақалалар-Статьи

 

Мусин, М. В коллекции - камни [Текст] / М. Мусин // Рудный Алтай. - 1985. - 19 июня.

Семипалатинцы - Герои Советского Союза  [Текст] // Семипалатинские вести. - 2004. - 10, 24 дек.

Давайте, люди, никогда об этом не забудем! [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 10 февраля. - С. 4.

 

Интернет-ресурсы

Интернет-ресурстар

 

Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // История Оренбуржья : сайт. – Режим доступа: http://kraeved.opck.org/zemlaki/geroi_ss/a/avdeev.php  (20.09.2018)

Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=535  (20.09.2018)

Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // Мемориальная доска: сайт. – Режим доступа: http://kiev-necropol.narod.ru/Avdeev.html  (20.09.2018)

Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // Подвиг народа [документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза]: сайт. – Режим доступа: http://www.podvignaroda.ru/?#id=18939131&tab=navDetailManAward  (20.09.2018)

Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // Обобщенный банк данных «Мемориал» [информация из донесения о безвозвратных потерях] : сайт. – Режим доступа: https://obd-memorial.ru/html/info.htm?id=5430418l  (20.09.2018)