Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Шәкенов К.Ш.

shakenov kenzhebek shakenovichШәкенов Кенжебек Шәкенұлы  (1924- 2001 ж.)Кеңес Одағының батыры.

Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы  Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Жарма ауданы, Бөке кентінде  жұмысшы отбасында дүниеге келген.  7 жылдықты бітірген соң, Бөке руднигінде әуелі қара жұмысшы, кейін смена мастері болып істеді.

1942 жылы тамыз айында Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1943 жылы Ташкенттеегі пулеметшілер даярлайтын училищені бітірді. 1945 жылдан Коммунистік партия мүшесі.

1943 жылдың тамыз айынан әскер қатарында болды.  2-ші Украйна майданының 37-ші армиясының құрамына енгізілді.. 

Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы  Дала майданының  37 армия, 62-ші  гвардиялық атқыштар дивизиясының 184-ші гардиялық атқыштар полкінің құрамында 28 қыркүйекте 1943 жылы  Днепропетровск облысының,  Мишурин Рог селосының  маңынан  Днепр өзенінің арғы жағасына жүзіп өтті.   Жаудың  үш атакасына тойтарыс беріп, дұшпанның 17 солдаты мен офицерін, ірі колибрлі пулеметін жойды.  Екі рет жараланды.  1944 жылы наурызда оны Ашхабадтағы жаяу әскер училищесіне оқуға жібереді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  жарлығымен  1944 жылдың 22 ақпанында әскери тапсырманы үздік орындап,  неміс басқыншыларына қарсы ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ленин, 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері мен бірнеше медальдармен марапатталған.

1946 жылы демобилизован.  Семей қаржы экономикалық колледжісінің  директоры болған. Өмірінің соңғы жылдарында Алматы қаласында оқу орындары басшылығында істейді. 2002 жылы 78 жасында қайтыс болды.

К. Шакенов туралы әдебиеттер

Литература о К. Шакенове

Советтер Одағының қазақстандық батырлары [Мәтін] : Документтер мен материалдар жинағы. 1-ші кітап. - Алматы : Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, 1945. - 324 б.

 

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = ГероиСоветскогоСоюза -восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б 

***

Герои Советского Союза - семипалатинцы. - Семипалатинск: [б. и.], 2004. - 56 с.   

К. Шакенов туралы макалар

статьи о К. Шакенове

Отанбатырларынмадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 290 

***   

Керейбаев, К. Жарминцы в годы войны [Текст] : [О подвигах жарминцев на фронте и в тылу во время Великой Отечественной войны] / Керейбаев К. // Рудный Алтай. - 2000. - 10 июня. - С. 3

 

Крылов, Ю. Парни из нашего города [Текст] : [О героях Советского Союза П.Железнякове, С.Морозове, К.Шакенове] / Крылов Ю. // Спектр. - 2000. - 14 апр. - С. 5. 

 

Страница солдата на сайте "Бессмертный полк"